Әйел - үйдегі ырысың, Ұл - айбарлы қылышың.Қыз - түздегі өрісің,Келін - кеңейген тынысың.Олақ - міншіл, Қызғаныш - күншіл.Сырғақ - сыншыл,Бос сөз - былшыл.
Ескелді би Адамның басшысы - ақыл, шолушысы-ой, жетекшісі-талап, қорғаушысы-сабыр, сынаушысы-халық, таусылмайтыны-арман, ең қымбаттысы-ар сақтау, бәрінен ардақтысы-өмір сүру, соның ішінде ең тәттісі-сыйластық. Төле би Саналы адам сағыңды сындырмас, Санасыз адам жағыңды тындырмас.
Халық Сенбе ешкімге, тұрса да қанша мақтап, Қор қылады, қулығын ішке сақтап. Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, Ақылың мен еңбегің екі жақтап.
Абай
Ішімдегім - түрімде, түрімдегім - тілімде. *** Жақсының ашуы шайы орамал кепкенше, жаманның ашуы жерге басы жеткенше. *** Жібекті түте алмаған жүн ұылады, қатынды күте алмаған күң қылады. Халық
Қарны ашып өзегі талғанда, ешкімге қол жаймай қорек тауып ішкен адамды Ұлы дер едім...
Әбу Насыр әл-Фараби Бала өсіргің келсе дана жүректі Қатты ұста үйрет білім ізетті
Жүсіп Баласағұн Ынсапсызға ерік берсең, елді талайды.
М. Қашқари. Білмесіңе пікір айтпау - қарапайым заңдылық: Бос сөзіңнен үнсіз қалу әлдеқайда таң қылық.
Насыр Хұсырау Бағалай білмегенге бақ қонбайды, Қуана білмегенге құт қонбайды
Әбіш Кекілбаев Отты сөндіргеннен, бақылаған оңай.
Ел аузынан
Битке өкпелеп, тоныңды отқа жақпа!
Ел аузынан
|