Бейсенбі, 25.04.2024
Қазақстанның радиожүргізушілері
Сайт мәзірі
Бөлiмнiң категориялары
Радиомектеп [3]
Радиомақала [2]
FM персона [0]
Iздеп тап
Тегтер
Күнтiзбе
«  Қыркүйек 2009  »
ДнСнСрБнЖСбЖб
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930
Бүгінгі мерекелер
Информер праздники сегодня
Фотолар
Жарнама
Ауа-райы
Погода в городе Алматы
Негізгі бет » 2009 » Қыркүйек » 1 » Европа плюс Қазақстандағы ТОР20
Европа плюс Қазақстандағы ТОР20
12:33
Хит-шеру жүргізудегі ең алғашқы тәжірибем Қызылорда қаласында болды. Жергілікті "СЕТА" радиосында тек қана Қазақстандық әншілерден құралған хит-шеру жасап, оған дауысты телефон арқылы ғана қабылдағанбыз. Жалпы хит-шерудегі әндерге дауысты көбіне ғаламтор немесе sms ақылы жинайды. Бірақ, радиомыздың сайты болмағандықтан және ол кезде sms-портал деген түсінік жоқ болғандықтан, дауысты тек телефон және пэйджер арқылы қабылдап жүрдік... Осыны ойласам, баяғы ауыл ішінде көршілерді қонаққа шақыру үшін, арнайы аралап, бәрін шақыруға тура келетін кезіміз есіме түседі. Ал қазір ше? Іздеп жатудың қажеті жоқ, ұялы телефонына қоңырау шаласың да "келе қал" дейсің немесе sms жолдай саласың. Қандай керемет! Біздің жұмыстағы 20-30 жылдық жұмыс өтілдері бар көлік жүргізушілері жақында ғана автоматтандылырған жапон көліктеріне отырып алып былай дейді: "өмір бойы көлікке отырғанда осындай ләззат алып көрмеппіз".  
Уақыт өте келе барлығы да өзгереді. Тіпті, "хит-шеру" деген сөздің орнына қазір "чарт" дегенді қолдану сәнге айналды. Сондықтан Қазақстандағы ең ауқымды радио-чарт "ТОР20-ға" шолуды бастаймыз. 
  Міне, Қазақстанда ғаламтор дамып, ауылдағы қарапайым қазаққа дейін "үйіне интернет құрып алыпты" дегенді естігенде қуанып қаласың. Ғаламтор әрине, жақсы. Бірақ, жаман жерлері де жеткілікті. 
  Бірақ, әңгіме ол туралы емес. Әңгіме Европа плюс Қазақстан радиосында әр сенбі болатын ТОР20 туралы. ТОР20-ға ғаламтордың қандай қатысы бар дерсіздер. Тікелей қатысы бар. Өйткені ондағы әндерге дауысты тек ғаламтор арқылы жинаймыз. Ең алғашында sms арқылы қабылдағанбыз. Өйткені, сайтқа дауыс беру жүйесін орнату біраз уақытты талап етеді екен. Ал Қалекең, көп күткенді ұнатпайды, сондықтан "sms жүйелеріңді жасай беріңдер, ал мен бастаймын" дедім. Содан 2007 жылдың күзінде бастап та кеттім. Ең алғашқы чарт мынадай болып эфирге шықты. 

1. Мюзикола – Сен мунынды бер маган  
2. Б Шукенов – Немного слез твоих  
3. Женiсхан – Кешiр жаным  
4. Ринго – Гашыкпын  
5. Алтынбек – Айтшы жаным  
6. А Кiшкенбаев - Арманымай  
7. Б Корган – Неге  
8. Е Кабдуллин – Такси  
9. Armand & Menghoy – Сенбедiн  
10. Айкын – Алматы  
11. Бакай – Махабат жалыны  
12. Медеу Арынбаев – Келме дедiн…  
13. KZ & Гайсин – Ойлай берме  
14. Аннеш – Небо  
15. ННбек – Жок  
16. М Садуакасова – Суйген журек  
17. Кешью – 100 дней любви  
18. Тарлан – Балдай таттi кыз  
19. Асель Садвакасова - Птицелов  
20. Азия – Айым  



Үміткерлер:
Алишер Сулейменов – Не покидай меня  
Ерлан Туленов - Гашыкпын  


  Осы жерде ТОР20-ның ерекшелігі туралы айтып өтпесе болмас. Бұл чарт - Қазақстанда болып жатқан той-бизнесті жоққа шығарғысы келетін құрал. Егер де байқаған болсаңыздар, арасында кәдімгі қазақтың тойына барып айтып беретін емес, сахнада айтылатын және радиода қойылатын әндер.
  Енді радиода қойылатын әндер деген тақырыпқа кеңінен тоқталып өтейін. Көптеген Қазақстандық әртістердің негізгі табыс көзі - той. Сондықтан да тойға арнап ән жазады, тойға арнап би қояды. Ал радио тыңдап, теледидар қарайтын жұрт не істейді? Телехикая тамашалайды немесе шетел әндерін тыңдайды. Әрине, біздің әншілерімізді де түсінуге болады, егер де әнді тек радио мен теледидарға арнап жазатын болса, күндерін қалай көрмек? Бұл еңбектері үшін оларға ешкім төлеп жатқан жоқ. Мысалы, осы туралы "Азия" тобындағы Ербол Шәріповпен әңгіме-дүкен құрғанымда, мен оған "Айым" деген әндерің чартқа қосылды, радиоға және сахнаға арналған керемет ән болып шығыпты" дегенімде, ол "есесіне оны тойдағы жұрт қабылдамайды" деген еді. Осы жерде "расында да бізде той-бизнес басым болғаны ма" деп ойланып қаласың. Мүмкін ол да жаман емес шығар, бірақ бір жаман жерін білемін: той-бизнес - арзан әншілерді көбейтіп жіберді. Жақында теледидардан белгілі сазгер-продюссер Қалдыбек Құрманәлінің айтқанын естіп қалдым: "осыдан бірнеше жыл бұрын Қазақстандағы әншілер санын есептегенде жүзден астам ғана еді, жақында тағы бір санап көріп едік мың жарым шамасында болып қалыпты". Бұл жақсы көрсеткіш, егер де осы мыңнан аса әншінің барлығы елімізде сапалы шоу-бизнесті дамытуға атсалысып жатса. Ондайлар жоқ деп айта алмаймын, бар. Бірақ, өте аз...
  "Европа плюс Қазақстандағы ТОР20" бағдарламасын жасаудағы мақсатым да осы болатын. Сапаның не екенін, жақсы әнші кімдер екенін көрсеткім келді, яғни, Қазақстандағы шоу-бизнестің дамуына сәл де болса қосқан үлесім болсын дедім. 
  Кейбір ұзынқұлақтардың және осы эстрада өкілдерінің әңгімелері бойынша, бізде шоу-бизнес - екіге бөлінген екен: Қазақстан және Қазақ эстрадасы болып. Қазақстан эстрадасына жататындар: Батырхан Шөкенов, Мюзикола, Дильназ Ахмадиева, Орда тобы, Ринго тобы және т.с.с жатса, Қазақ эстрадасына: Гүлмира Ақүрпекова, Бағдат Саметдинова, Ақжол Мейірбеков, Жігіттер квартеті, Асқар Жүнісбеков деген секілді қазақы әндер айтатындар жатады-мыс. Енді осылардың қандай айырмашылықтары бар, соны ойланып көрелік. Біріншілерінің жаңадан шығып жатқан әндерін теле-радиодан көріп-естуге болады, ал екіншілерінің жаңа әндерін қайдан естіп жатырмыз? Базардағы қарақшы-таспалардан ба? Жалпы, қазақта айтада емес пе «бөлінгенді бөрі жейді» деп. Сол бөлінгеннің орына бірігіп жұмыс жасап, сол той-бизнесті шоу-бизнеске айналдыруға атсалысса қандай жақсы болар еді. Әрине, ешкім ештеңе жасап жатқан жоқ десек, артық айтқандық болар. Қолынан келгенше қазақ эстрадасын дамытуға тырысып жатқан азаматтар бар. Міне, соларға аз да болса көмек болсын деген оймен осы «ТОР20» бағдарламасын жасадық. Егер де байқаған болсаңыздар, бұл чартқа өзіміздің эстрада өкілдерінің кез-келген тілдегі әні қатыса алады. Ең бастысы орындаушы Қазақстанда тұрып жатуы тиіс.
  Сонымен, «ТОР20»-ның форматы қандай екенін түсінген шығарсыздар деп ойлаймын. Ендеше, осы бағдарламаның құрамына келейік: 
1) «Аймақ-чарт» айдары – Қазақстанның басқа қалаларындағы хит-шеру, чарттардың алғашқы үштігімен таныстырады. 
2) «Екі жұлдыз» айдары – бір-біріне ұқсас әндерді қосып, бір етіп шығарып тыңдаушыларға ұсыну. Ал ол ұрлық па әлде, жәй ұқсас әндер ме, оны тыңдаушылар шешеді. 
3) «ТОР20 news» - Қазақстандағы шоу-бизнес жаңалықтары. 
4) «Жаңа ән» - аты айтып тұрғандай, жаңа әндерді тыңдаушыларға ұсынамыз, кейде жаңа болмаса да хит болуға лайық деген әнді де ұсынат кездер болады. 

5) «ТОР20 сұхбат» - Тікелей эфирде, телефон арқылы өмірінде, шығармашылығында өзгеріс болып жатқан өнер иесімен сұхбат. 

Енді әр әнге тоқталып өтетін болсақ, әрқайсысы өзінше ерекше. Мысалы, сол кезде бірінші орында болған «Мюзикола» тобының «Сен мұңыңды бер маған» әні саундтрек ретінде жазылса да өте жақсы хитқа айналды. Енді осыдан кейін қарапайым халық тойға арналмаған әнді тыңдамайды деп айтыңыздаршы.
  Батырхан ағамыздың өзіне жеке тоқталып өткім келіп тұр – жасы біразға келсе де, жаны жас және ешқашан да оның тойға арналған (оппа-оппа-оппа-па деген секілді) әнін естіген емеспін. Сондықтан оның кез-келген әнін радиоларда қоя беруге болады. Ол кісі тек халық үшін және тек сапалы әндер жазатын әнші. Әнінің өзіне келсек «Немного слез твоих» әнінің жазылып, бейнеклипі көрсетіліп кеткенмен әлі күнге дейін жақсы сұранысқа ие. 
  Келесі, «Жеңісхан – Кешір жаным». Шынымды айтсам, шамамен жарты жыл бойы осы әннің сөздерін толық түсінбей жүрдім, мүмкін Жеңісханның қазақ тілінде шорқақ сөйлейтіндігінен бе. Бірақ, маған алып келген нұсқасында «ештен кеш жақсы» деген сөзді «ештен кеш жақын» деп айтқан екен. Кейін оны Жәкеңнің өзінен сұрасам «байқамай қалыппын, қате кетіп қалыпты» деді. Не болса да, бұл ән қолданылған аспаптың арқасында хит болды. Тіпті, Ресейдегі Масляковтың КВН-інде біздің «Астана.kz» командасы қолданған болатын. Ал аспапқа келсек, ол өзінше бір оқиға, оған толығымен кейінгі мақалаларда тоқталармын. Қазақта айтқан емес пе «өнерге әркімнің-ақ бар таласы» деп. Сол секілді өзі биші болып жүріп «неге ән айтып көрмеске» деген Жеңісхан, осы «Кешір жаным» әнін техникалық жағынан сапалы жазғанымен, орындау жағынан ақсаңқырайды.
  «Ринго» тобының орындауындағы осы «Ғашықпын» деп аталатын әні олардың үлкен сахнаға деген екінші билеттері еді. Бірінші билеттері «B. McKnight пен N`sync-тің» орындауындағы «My Kind Of Girl» әнінің қазақша нұсқасы. «Ғашықпын» - бұл да техникалық жағынан сапалы болып келгенімен, әннің мәтінінде үйлеспейтін жерлері бар. Мысалы, «мыңдардан сені таңдадым» деген қатары. Өзі «мың» деп көпше түрде айтып тұрғанда оның артына буыны толсын деп «дар» көптік жалғауын қыстыра салу, сауаттылыққа жатпайды. Бірақ, соған қарамастан нағыз хитқа айналып, әлі күнге дейін радиоарналарда «мыңдардан» жалғызын таңдап жүрген жайы бар. 
  «Алтынбекті Алтынбек еткен – «Айтшы жаным» әні деген де сөздер айтылып жатады. «Жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайды» демекші, бұл да бекерден-бекер айтылмаған сөз. Енді санап көрелік, Алтынбектің қанша әнін білесіз? Саусақты бүге отырыңыз мен жаза берейін: «Айтшы жаным», «Аққуымсың аңсаған» және.... қытай тілінен аударған әнінің атауын ұмытып отырмын. Сонымен, әлі күнге дейін өшпес хит болып келе жатқан осы Дәрібаевтардың әніне келсек, «жаңаның барлығы – ұмытыла бастаған ескі дүниелер» деген қағиданы тағы бір растауда. Айтпақшы, осы әннің бірнеше ремиксі бар, бірақ ол туралы кейінгі шығарылымдарда. 




Категориясы: Радиомақала | Көрілген: 2585 | Қосқан: kaldybek | Рейтингі: 0.0/0 |
Барлық түсініктемелер саны: 2
0  
2 AINURK   (04.03.2010 13:01) [Материал]
Алтынбектін қытай тіліне аударған әннің аты - Іздедім

0  
1 Айгуль Ибатова   (09.10.2009 12:59) [Материал]
"Массаган"-к.шоуынын жургізушілері дал "Ринго" тобындагы бауырлары сиякты сойлейді екен,Сіздін Конілдерінізді котеру ушін деп,ар багдарламада кайталап айтады)...

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Тіркелу | Кіру ]
Радио
Афоризмдер

Нағыз әйел дегеніміз - бірге жатқың келетін емес, онымен бірге таңертең оянғың келетін әйел.
Склероз деген жақсы ауру: Еш жерің ауырмайды және күнде - жаңалықтар.
"Тормоздың тормозы": әліппені сөздікпен оқиды.
Баннер
Баннер
Мұрағат
Сауалнама
Қандай радио тыңдайсыз?
Барлық жауап: 285
Кішігірім чат
Сайттың достары
  • Европа плюс Казахстан
  • Ең үздiк қазақша сайт
  • Барлығы веб-мастерлер үшін
  • Барлығына арналған бағдарламалар
  • Ойын-сауық отауы
  • Рунеттің үздік сайттары
  • Аспаздың құралы
  • Статистика
    Аудармашы
    Переводчик.
    Казахский-Русский

    Статистика
    Copyright MyCorp © 2024
    Сайт управляется системой uCoz