Жұма, 26.04.2024
Қазақстанның радиожүргізушілері
Сайт мәзірі
Бөлiмнiң категориялары
Радиомектеп [3]
Радиомақала [2]
FM персона [0]
Iздеп тап
Тегтер
Күнтiзбе
«  Тамыз 2009  »
ДнСнСрБнЖСбЖб
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31
Бүгінгі мерекелер
Информер праздники сегодня
Фотолар
Жарнама
Ауа-райы
Погода в городе Алматы
Негізгі бет » 2009 » Тамыз » 24 » Радиожүргізуші болу үшін не керек?
Радиожүргізуші болу үшін не керек?
07:36
Көптеген тыңдаушылардың қоятын сұрағы осы. Егер бұл сіздің түсіңізге кіріп, ойыңыздан шықпай жүрген арманыңыз болса, оның орындалуына кішкене болса да себін тигізетін жауапты, осы өзімнің сайтыма жазуды ұйғардым.
  Сонымен, сіз әлі де осы мақаланы оқып отырған болсаңыз, осы керемет әлем - радио әлеміне тап болғым келеді деген ой, әйтеуір бір болғаны. Бірден басын ашып өтейін, радиода тек радиожүргізуші болып емес, басқа да мамандықтар бойынша жұмыс істеуге болады. Мысалы: тілші, музыкалық редактор, дыбыс инженері, аймақтық дамыту бөлімінің қызметкері, радио копирайтері, бағдарламалар директоры. Алайда, қазір біз радиожүргізуші болу үшін қандай қасиеттер керегі жөнінде айтамыз. 

Сіздерге қойылатын талаптан басталық:
1. Әрине жүргізушіге қойылатын алғашқы талаптардың бірі - анық, таза сөйлей білу және жағымды дауыс. Біреу табиғатынан осындай қасиеттерді бойына дарытқан болса, екіншілері бұл қасиеттерден жұрдай. Егер сіз екіншісіне жатсаңыз, уайымдамыңыз - ән істің шешімі табылады (жаңылтпаштар - расында да көмектеседі). Бірақ, ол шыдамдылықты және табандылықты қажет етеді.  

2. Алайда, жағымды дауыстың өзі аздық етеді. Жүргізуші басқаларға қызық бола білуі тиіс, яғни ол өзінше бір тұлға ретінде көрінуі тиіс. Егер де сіздің ой-өрісіңіз кең, кез-келген адаммен тіл табысып кете алатын, ойыңызды анық және түсінікті етіп жеткізе алатын болсаңыз, осы жұмысқа жарамдымын деп есептей беріңіз. 

3. Кез-келген қиын жағдайдан құтылып шыға білу, бұл ең басты керекті қасиеттердің бірі. Кез-келген жағдайда шапшаңдық көрсету өте маңызды. Кезінде ыңғайсыз жағдайдан шапшаңдық көрсетіп сытылып шыға алмаған бір жігіт радиомен қош айтысып кеткен болатын.

4. Компьютерді білу керек!!! Сонымен қатар студияның құрылғыларынан хабардар болсаңыз, ол сіздің радиоға қабылдануыңызды жылдамдатады (бірақ, ол міндетті талап емес, көбісі бұл құрылғылармен осы жерге келіп танысады).

Егер де осы қасиеттердің барлығы сіздің бойыңыздан табылып жатса, студияға кіріп эфиге шығып көрсеңіз болады! Бірақ, сол радиожүргізушінің орындығына қалай қол жеткізуге болады? Тура жауабы жоқ, бірақ арманшыл болашақ радиожүргізушілерге бірнеше кеңес бере аламын:

1) Өзіңіз жұмыс істегіңіз келетін радионы таңдап алыңыз (бірақ есіңізде болсын, желілік яғни, республикалық радиоға шығу үшін алдымен жергілікті, қалалық радиода тәжірибе жинақтап алуыңыз керек). Сол радионың толқынын ұстап тыңдай беріңіз, тыңдай беріңіз, тыңдай беріңіз. Жүргізушілердің өзін-өзі қалай ұстайтынын сараптап алып, ортақ бір бағыт ұстаныңыз. Сіздің сөйлеу мәнеріңіз радиостанцияның форматына сәйкес келуі тиіс. 

2) Келесі жасайтыныңыз - даусыңызды жәй магнитафонға немесе диктафонға жазып көріңіз. Сәлемдесу мен бірнеше әнді хабарлаған сөздеріңізді жазып, сапасы жаман болса да мәтіні жақсы болып шықса, үнтаспаға жазып, түйіндемеңізбен бірге радиосатнцияға апарып беріңіз.

3) Сонымен қатар, өзіңіздің жазылған даусыңызды электронды хат арқылы радионың жәшігіне жолдап көріңіз (немесе бағдарламалар директорының е-майлына - жүргізушілерді қабылдаумен сол кісі айналысады). Өзіңіз білетіндей мұндай ақпаратты радиостанцияның сайтынан таба аласыз. Өзіңіздің телефоныңыз бен мекен-жайыңызды жазуды ұмытпаңыз. 

4) Егер де сізді сұхбатқа шақырған болса, қолыңыздан келетіннің барлығын көрсетуге дайындалып барыңыз. Көбіне, барған кезде микрофон алдында өзіңізді таныстырып немесе бір орындаушының әнін хабарлауды талап етеді де, барлығын жазып алып қалады. Бұл тікелей эфир емес қой деп, босаңсымаңыз, өйткені сіздің тағдырыңыз осы жазбадан кейін шешіледі. Көп радиостанцияларда ұжым отбасы секілді, сондықтан да ол жерде өзіңізді қалай ұстайсыз, адамгершілігіңіз қаншалықты, адамдармен тіл-табысуыңыз қандай осының барлығына мән береді. Бірде телеарнада жұмыс істейтін бір бойжеткен келіп, "мен де Қалдыбек секілді сөйлей аламын, менің де ондай қабілетім бар" деді. Жарайды, деп біз оны тыңдауға кірістік. Микрафонды жазуға қосып, "ал, сөйлеңіз" десек, "не айтамын?" демесі бар ма. "Өзіңізді таныстырыңыз, эфирде отырғандай сөйлей беріңіз" деп оған бағыт-бағдар беріп жатырмыз. Оның 15-20 минут қиналып, сондағы бар айтқан сөзі "Сәлем,сәлем! Менің есімім....., көңіл-күй". Осы сөздерді ол 20-30 шақты рет қайталап, ақыр соңында "қиын екен ғой" деп, ұялып шығып кетті. Әттең, сол жазылған дауыс қалмапты әйтпесе, сіздерге тыңдататын. 

5) Егер сіз іріктеуден өтсеңіз, эфирдің көп тыңдалмайтын бөлігін беріп, бірақ жаттығуға мұрша береді. Мұны тәжірибе жинақтау уақыты дейді. Сол кезде сізге студия құрылғыларын қолдануды, эфирде өзіңізді қалай ұстау керек және әндерді қалай қоя керек екенін, қысқасы техникалық жағын үйрете бастайды. Бірақ көп емес. "Осы дайын-ау" деген кезде, күндізгі көп тыңдалатын бөлікке шығарып, эфирді бақылап жүретін тәуелсіз сарапшылармен кеңеседі. 

Ал осының барлығынан сүрінбей өтіп жатсаңыз, сізге өзіңіздің авторлық бағдарламаңызды жасауға мүмкіндік беріп, нағыз кәсіби жүргізушілердің біріне айналасыз. Әрине, ол өзіңізге байланысты. Тек бір орнында тоқтап қалмасаңыз болғаны. 

P.S. Естеріңізде болсын - армандар орындалады. 



Категориясы: Радиомектеп | Көрілген: 2750 | Қосқан: kaldybek | Тегтер: Арманның орындалуы, Радиожүргізуші | Рейтингі: 5.0/2 |
Барлық түсініктемелер саны: 4
0  
4 Асель Дюсенова   (25.04.2011 03:37) [Материал]
Салем Калдыбек!Салем достар!Мына жерде биздин жергиликти ариптестеримиз жиналып калыпты.Жаксы такырыпта соз козгалып жатыр екен(бизге катысты).Оз басым радионын жумысын катты жаксы коремин. Жане де тагдырдын маган осындай мумкиндик бергенине ризамын.Ал жургизуши болгым келеди дейтин жандарга айтарым,ен бастысы озинизге сениниз. Басында киыншык болады арине.Бирак табандылык танытсаныз,бари де ойдагыдай болады.(Коз-коркак,кол-батыр)
Ал Калдыбек сизге алдагы уакытта осы киын да,кызыкты жумысынызда тек саттилик серик болсын деймин!

0  
3 Жансая Санбаева   (17.10.2009 11:33) [Материал]
)))))))) КАНШАМА АКЫЛ-КЕНЕСТЕР?! РАСЫНДАДА АРМАНДАР ОРЫНДАЛАДЫ!!!!!!!!!!!!! ТЕК ТАЛМАЙ ЕНБЕК ЕТУ КЕРЕК)))))))) СОЛАЙ ЕМЕС ПЕ?! Саттілік серік болсын Калдеке :))))))))))

0  
2 Гүлшат Хамитқызы   (04.09.2009 13:26) [Материал]
Қалдыбек, менің бірінші кірген кезімдегі дауысым жоқ әрине!!! Бірақ, радиоға екінші рет орналасқандағы дауысым бар, ол әрине үйреншікті кез болатын!!! Өзімнің алғашқы келгендегі дауысым мен сөйлегенімді тыңдап көргім келеді!!! Дегенмен, сен де өзіңнің алғашқы дауысың болса, мұнда қоссаң!!! Тыңдап көрелік!

0  
1 Dinara   (03.09.2009 15:57) [Материал]
ЯЯЯ керемет Калдыбек!! Келисемин айткандарына.. Менин ойымша сен де нольден бастадын, енди мине, Атакты радиожургизушисин! )))) Куттыктаймын! Мен де озимди радиожургизуши ретинде сынап коргим келеди... Мумкин бир натижеси боп калар ))) Саттилик тилеймин!

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Тіркелу | Кіру ]
Радио
Афоризмдер

Ер адамға әйелдің бір сәттік әлсіздігін пайдалану үшін, қанша күш-қуат пен уақыт жұмсау керек десеңізші...
Бойжеткеннің кемшіліктерін білгің келсе, оны құрбыларының алдында мақта.
Ол одан көзін ала алмады... Сосын құлағын алуға тура келді...
Баннер
Баннер
Мұрағат
Сауалнама
Қандай радио тыңдайсыз?
Барлық жауап: 285
Кішігірім чат
Сайттың достары
  • Европа плюс Казахстан
  • Ең үздiк қазақша сайт
  • Барлығы веб-мастерлер үшін
  • Барлығына арналған бағдарламалар
  • Ойын-сауық отауы
  • Рунеттің үздік сайттары
  • Аспаздың құралы
  • Статистика
    Аудармашы
    Переводчик.
    Казахский-Русский

    Статистика
    Copyright MyCorp © 2024
    Сайт управляется системой uCoz