Жұма, 29.03.2024
Қазақстанның радиожүргізушілері
Сайт мәзірі
Бөлiмнiң категориялары
Радиомектеп [3]
Радиомақала [2]
FM персона [0]
Iздеп тап
Тегтер
Күнтiзбе
«  Тамыз 2009  »
ДнСнСрБнЖСбЖб
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31
Бүгінгі мерекелер
Информер праздники сегодня
Фотолар
Жарнама
Ауа-райы
Погода в городе Алматы
Негізгі бет » 2009 » Тамыз » 18 » Мәтінді қалай оқимыз?
Мәтінді қалай оқимыз?
14:32
Өзім жарнамалық, фильмге арналған немесе басқа да мәтіндерді көп оқитын болғандықтан, осыған баса назар аударатын болыппын. Егер кімде-кім мәтінді дұрыс оқымаса, соны құлағым бірден шалып қалады. 
  Барлығымыз да мектепте қазақ тілі пәнінен «үндестік заңы», «орфография», «орфоэпия» дегенді өттік, бірақ көбісінің есінде қаламаған. Осы мақала арқылы көптеген дикторлар, журналистер және мәтін оқитын азаматтардың есіне тағы бір салып өтейін деп отырмын.  
Үндестік заңы (сингорманизм) - гректің Sun «бірге» және hanmoni «байланысу, үндесу» деген мағынаны білдіретін сөздері бойынша жасалған термин. Дауыстылардың бір – бірімен үндесуі сингармонизм деп аталады. 
Орфография – cөздердің дұрыс жазылуын зерттейтін лексика саласының бір бөлімі. 
Орфоэпия – cөздердің дұрыс айтылуын зерттейтін лексика саласының бір бөлімі.
Толығымен еске түсіргіңіз келсе мына жерден көшіріп алып, оқып шықсаңыз болады: сілтеме
Және күнделікті қолданатын сөздерден мысалдар жазып өтуді жөн көрдім: 
Жазылуы
Айтылуы
Қыркүйек
Қыргүйөк
Кез-келген
Кез-гелген
Шекара
Шегара
Қақ ортасында
Қағортасында
Сұхбат
 Сұхпат
Орын
Орұн
Күдік
Күдүк

 Бірде бір кофенің жарнамасын оқуға барғанмын. Студияда дұрыс көңіл-күйде оқуымыз үшін бақылап тұратын сол компанияның өкілі тұр екен. Мәтіннің соңғы жағына келгенде, мынадай сөздер болды: «....қақ ортасында!». Мен әдеттегідей «...қағ ортасында» деп оқысам, әлгі компанияның өкілі маған «неге әріпті өзгертіп жібердіңіз?» дейді. Өзі қазақ емес және қазақ тілін білмейді де екен. Содан оған: «сіздерде «что» деп жазылады, бірақ дәл солай «что» деп айтпайсыздар «што» демейсіздер ме?» деген секілді дәлелдерді келтірумен болсам да, орыстардың «кто платит тот и заказывает музыку» деген мақалындағындай, «сізге осы үшін ақша төлеп тұрмыз» дегенде, шыдамай «ақшаларың да өзіңе, жарнамаларың да өздеріңе» деп бұрылып кетіп қалғаным бар. Әрине, әлде де көзін жеткізуге тырысуыма болар еді, бірақ өздеріңіз білетіндей қазіргі кезде уақыт - ақша, ал менің басқа да жұмыстарым өз кезегін күтіп тізіліп тұрды. 
  Тағы бірде «Европа плюс Қазақстандағы» «ТОР20» бағдарламасының эфирдегі «киімін» жасату үшін дауысы жақсы деген соң, бір дикторды шақырған болатынбыз (белгілі себептермен аты-жөнін жазбай-ақ қояйын). Сол жердегі менің біраз жүйкем жұқарғаны жөнінде көп жазбай-ақ, сол диктордың қателіктерінен бір-екеуін сіздерге тыңдатуды жөн көрдім.  
  Мұндай жағдайлар өте көп кездеседі. Енді әңгіменің тоқ етеріне келейін. Мені «білгішсымақ» екен немесе «өзі соны біле ма екен?» деген секілді сынаулар болуы мүмкін. Бірақ, мұны өз ана тіліме жаным ашығандықтан жазып отырмын. Қарапайым халық кімге қарап үйренеді? Әрине бізге: журналист, диктор, жүргізуші және басқа да эфирмен байланыстыларға қарайды. Егер біз эфирден дұрыс сөйлемесек, бізді тамашалап, тыңдап отырған қарапайым халық қайдан дұрыс сөйлесін? Сондықтан әріптестеріме айтарым – шымбайларыңызға батып бара жатса да, осы айтылғандарды ой елегінен бір өткізіп, кішкене болса да ізденіп, оң қорытынды шығарсаңыздар екен деймін. 

P.S. Егер осы мақаланы оқып шығып маған өкпелеп қалған әріптестер табылып жатса, қазақ атамыз айтпақшы «көшке берген тайлағын қайтарып алсын»!



Категориясы: Радиомақала | Көрілген: 2216 | Қосқан: kaldybek | Рейтингі: 0.0/0 |
Барлық түсініктемелер саны: 4
0  
4 AINURK   (04.03.2010 12:45) [Материал]
керемет мақала!

0  
3 Моти   (22.02.2010 22:33) [Материал]
жаксы айтылган екен, расымен халык сендерге карайды ғой

0  
2 Лейла   (29.01.2010 20:07) [Материал]
Өте дұрыс жазылған! Шыныменде, көпшілігі орфоэпия ережелерін білмей жатады, өкінішке орай(

0  
1 Айгуль Ибатова   (04.09.2009 15:19) [Материал]
Ия...жанагыдай карын ашатын кездер оте коп болып турады,Халык коп окитын газет бетине"Матинди калай окимыз"деген такырыпта,озгертилмей,осы калпында жарияланса ширкин,нур устине нур болар еди.

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Тіркелу | Кіру ]
Радио
Афоризмдер

Жақсы еркектер көшеде жатпайды... Олар диванда жатады.
Барлық әйелдер бірдей, - тек кейбірі онысын жасырмайды.
Қара көзілдірік арқылы көзқарасыңды жеткізу оңай.
Баннер
Баннер
Мұрағат
Сауалнама
Қандай радио тыңдайсыз?
Барлық жауап: 285
Кішігірім чат
Сайттың достары
  • Европа плюс Казахстан
  • Ең үздiк қазақша сайт
  • Барлығы веб-мастерлер үшін
  • Барлығына арналған бағдарламалар
  • Ойын-сауық отауы
  • Рунеттің үздік сайттары
  • Аспаздың құралы
  • Статистика
    Аудармашы
    Переводчик.
    Казахский-Русский

    Статистика
    Copyright MyCorp © 2024
    Сайт управляется системой uCoz