Сәрсенбі, 24.04.2024
Қазақстанның радиожүргізушілері
Сайт мәзірі
Бөлiмнiң категориялары
Радиомектеп [3]
Радиомақала [2]
FM персона [0]
Iздеп тап
Тегтер
Күнтiзбе
«  Шілде 2009  »
ДнСнСрБнЖСбЖб
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031
Бүгінгі мерекелер
Информер праздники сегодня
Фотолар
Жарнама
Ауа-райы
Погода в городе Алматы
Негізгі бет » 2009 » Шілде » 31 » Музыкалық бағдарламалар жүргізушісінің жұмыс ережесі.
Музыкалық бағдарламалар жүргізушісінің жұмыс ережесі.
12:37

 Жүргізуші – диктор мен бағдарлама авторының қосындысы секілді. Оның сөздері түсінікті және дұрыс құралған болуы керек. Жүргізуші әрқашанда өз жаңалықтарымен бөліскісі келетін жайдары досқа айналуы қажет.

  Оның сөйлеген сөзіне қарап өмірде қызық адам екені белгілі. Жүргізуші сауатты және өте білімді адам болуы керек. Сауаттылық, ойын дұрыс жеткізе білу, керек кезде езу тарта және әзілдей білу, ал кейде ұстамды бола білу – міне, осы қасиеттер оны өз ісінің кәсіпқой маманына айналдырады.

  Сәттілікке қол жеткізу - сіздің сүйкімді, ақылды, сауатты болып, тыңдаушыларды өзіңізге тарта білуіңізге және сендіре алуыңызға байланысты болады. Сізде тек эфир ғана бар, ол сіздің кез-келген қателігіңізді бажырайтып көрсетеді.

  Радио жүргізуші көшедегі адамдардай, яғни ауыз-екі әңгімелесу тәсілін қолдану керек деген ұғым бар. Бірақ! Жәй ғана ауыз-екі әңгімелесу тілі дегеніміз – сөз бен сөйлем анық айтылмау, арзан жаргондарды қолдану, құралған сөйлемнің мағынасы жоғалу, дикция мен дауыстың дұрыс естілуіне мән бермеу. Микрафон алдында басқаша сөйлеген дұрыс. Өмірдегі дауыс ырғағыңызды тартымды дауыспен, жақсы дикциямен, басты сөздерге екпін салып сөйлей білумен ұштастырып, эфирде болып жатқан нәрсе ең бастысы өзіңізге қызық болуы тиіс. Егер де айтып отырғаныңыз өзіңізге де қызық болмаса, тыңдаушы радиосын сөндіре салады.

 

   Назарларыңызға жүргізушінің кейбір жұмыс ережесін ұсынамын. Бұл әрине қатып қалған қағида емес, бірақ осыларды ұстана отырып, эфирді кәсіби сауатты және тартымды етіп жасауға болады.   

 

 

Жүргізушінің жұмыс ережесі

 

Жүргізуші эфирде отырғанда әрқашан езу тартып сөйлеуі керек

 *****************

Әрине, жерлеу рәсімі және сол секілді көңілсіз жаңалықтарды хабарлағанда емес. Радионың міндеті – көтеріңкі көңіл күй сыйлап, мерекелік атмосфера жасау.

 *****************

Аз сөйлеуі керек, бірақ...тұшымды нәрсе айтуы тиіс.

Жүргізушінің эфирге әр шыққаны 30 секундтан аспағаны дұрыс және өз аты мен уақытты хабарлағаннан басқа да маңызды нәрселер айтып, мағынасына барынша мән беруі керек. Бірақ уақыт өте келе сән де өзгереді дейді, ендеше қазіргі кезде жүргізушінің барлық сөзі 12-17 секундқа сиып кетуі тиіс екен.

 *****************

Эфирге әрбір шыққандағы айтқан сөздерің бір ғана ойды жеткізуі тиіс. Тыңдаушылардың бәрі бірдей емес. 30 секундтың ішінде 2 ойды барлығы бірдей қабылдай бермейді.

  *****************

Жүргізуші сөзін үзбей, тоқтамай сөйлеуі тиіс. Ал сөйлемдері қысқа болуы керек. Тыңдаушылардың кейбірі сөйлемнің соңын күтпей, басқа радиоға ауысып кетуі мүмкін.

  *****************

Жүргізуші әрбір эфирге шыққан сайын, оны бөлек бір бағдарлама секілді етіп өткізуі керек.  Тыңдаушылардың ешқайсысы да осыған дейін шыққан сөздеріңді есінде сақтамайды.

  *****************

Эфирге шыққан сайын, оны сезімге толы, ерекше, бірақ табиғи қалпынан таймай өткізуі керек. Былжыраған, еш ерекшелігі жоқ және сызылып отырған ди-джейді кім тыңдағысы келеді дейсің?

 *****************

Әрбір эфир өзінің кіріспесі, кульминациясы, эпилогы бар мини спектакль секілді ұсынылуы керек.

Әрине бұл асыра айтқандық. Бірақ, қысқасын айтсақ сізді тыңдау қызық болуы тиіс.

  *****************

Жүргізуші эфиге шыққан сайын өзінің радиосының атын айтып отыруы қажет.

Ол «сіздердің тыңдап отырғандарыңыз...» деп бастауына болады немесе радионың атауын әңгіменің арасына қосып жіберсе де болады, бірақ (!!!) тыңдаушы «қай радионы тыңдап отырмын» деген сұраққа жауап іздемеуі керек.

  *****************

Жүргізуші әннің арасында болатын джинглды кемінде 2 ән сайын қойып отыруы керек.

Тыңдаушы «қай радионы тыңдап отырмын» деген сұраққа жауап іздемеуі керек.

  *****************

Жүргізушінің сөздері анық болып, мағынасы әрқашанда түсінікті болуы тиіс.

Мағынасыз сөздердің басын құраймын деп, айтатын ойын құртып алмауы керек.

  *****************

Жүргізуші өзінің әзілін барлығына бірдей түсінікті етіп айтуға тырысуы керек.

Әрине, сіздің ерекше әзіліңізді барлығы түсіне бермейді деп өзіңізді жұбатуыңыз мүмкін, бірақ...рейтинг түсіп кетіп жатса, ешкімге өкпелемеңіз.

  *****************

Жүргізуші тыңдаушыны үйретпеуі керек.

Коммерциялық радиостанция – мектеп те, дәрісхана да емес. Ол КӨҢІЛ КӨТЕРУ ҮШІН ашылған.

  *****************

Жүргізуші өз басының қиындықтарын айтпауы керек.

Тыңдаушының онсыз да өз қиындықтары жетіп жатыр. Оған бүгін қалған 16 тісіңіздің қайсысы ауырып отырғаны қызық емес.

  *****************

Жүргізуші радиостанцияның қиындықтарын, оның ішінде техникалық ақауларын айтпауы тиіс.

Егер де оның қиындықтары көп болса, оны тыңдап не қажеті бар? Ол қазір сөніп қалуы мүмкін ғой!? Одан да басқа радиоларды тыңдап көрейінші.

  *****************

Жүргізуші өзінің мәтіні музыкалық қатардан ауытқымауы керек екенін есте сақтауы тиіс.

Земфираның «Спид» деген әніне төсек қатынасының ғажайыптары туралы айтып отырған ақымақтық болар еді.

  *****************

Жүргізуші тыңдаушымен сөйлескенде өз-өзін қалай сыйласа, оны да солай сыйлап әңгімелесуі керек, бірақ ағайынгершілікке салынып кетуге де болмайды.

Кез-келген адам өзіне жоғарыдан қарап, сыйластық көрсетпей тұрғанды жек көреді, сөйтіп бәсекелестерге ауысып кетуі әбден мүмкін.

Ең жаманы, өзі ғана ауыспай, өзімен бірге отбасын, достарын, сыныптастарын және т.б.с.с. ауыстыруы ғажап емес.

  *****************

Жүргізуші өзінің тыңдаушысын, оның өмір салтын көз алдына елестететіп, қиыншылықтары мен уайымын түсіне білуі қажет.

Басқа сөзбен айтқанда, өзін миллиондаған тыңдаушы естіп отырғанын ұмытпай, миллиондаған тыңдаушыға емес, нақты бір адамға сөйлеуі тиіс.

Жүргізуші өзінің радиосын тыңдап отырғаны үшін тыңдаушыға алғыс айтпауы керек.
Тыңдаушыға, онсыз өміріміз қараң екенін білдірмеуіміз керек қой  (шындық сол болса да...)
 *****************
Жүргізуші өзінің музыкалық сыншы емес екенін ұмытпауы тиіс. Оның эфирде жүріп жатқан әндер туралы жаман айтуға қақы жоқ.
Ол әнді сарапқа салмауы керек, өйткені оның ойы жәй тыңдаушының ойымен сәйкес келмей қалуы мүмкін. Ол тыңдаушылардың көпшілігіне қызық болатын ақпаратты жеткізіп отыруы тиіс. Сонымен қатар, тыңдаушы өзінің тек үздік те сапалы әндер тыңдап отырғанына сенімді болуы керек. Егер олай болмаса, БҰЛ радионы тыңдап қажеті не?
 *****************
Жүргізуші эфирде өзінің әріптестері туралы жаман айтпауы тиіс. 
 *****************
Жүргізуші саясат, дін, қаржы туралы айтпауы тиіс. 
Неге екенін түсінетін шығарсыз.
 *****************
Жүргізуші әнді және бағдарламаны таныстырғанда оны барынша мақтап, ең үздік етіп таныстыруы тиіс. Басқаша айтқанда «Әркімдікі өзіне, ай көрінер көзіне»
 *****************
Жүргізуші джинглдармен, жармана роликтерімен және әнмен қосылып айтпауы керек. 
Егер сізге біреу ән айтқаныңыз керемет екен десе, эфирде әуенге қосылып (қосылмай) әндету керек деген сөз емес. 
 *****************
Жүргізуші жаңалық оқуға келген журналистті әзілдеп таныстырмауы тиіс.
Оның қандай жаңалық оқитынын білмейсіз ғой, мүмкін ол террор туралы оқитын шығар?!
 *****************
Жүргізуші әннің ортасында эфирге шықпауы тиіс. 
Егер бұл автордың немесе тыңдаушының сүйікті әні болса, ренжіп қалуы мүмкін.
 *****************
Жүргізуші эфирде басқа радионың атын атамауы тиіс. 
Бәсеклестерге қосымша жарнама жасаудың қажеті шамалы.
 *****************
Жүргізуші радиода жалғыз өзі ғана жұмыс істемейтінін естен шығармауы керек.
Жүргізу стилі станцияның ортақ стилімен сәйкес болуы тиіс.
 *****************
Жүргізуші радиостанцияның имиджіне сәйкес болуы тиіс.
Ол дегеніміз, егер сен Ретро радиосында қызмет ететін болсаң, бакенбард жіберіп, шаровар стиліндегі шалбар киюдің қажеті шамалы. Бірақ, сол кездегі әртістер мен әншілер туралы хабардар болуға міндеттісің!
 *****************
Жүргізуші тек қана әннің алдында ғана емес – жарнама, жаңалықтар, ойындардың және т.б. алдында шығып тұруы қажет.
Тыңдаушыны ұмытпағаныңыз жөн. Әсіресе, осындай «қиын кезеңде». Ол не болып жатқанынан хабардар болуға қақы бар.
 *****************
Жүргізуші болып жатқан және болатын әнге түсініктеме бермей, оны хабарлауы керек. 
Жүргізушінің міндеті – тыңдаушыны радиоқабылдағыштың жанынан алысқа жібермеу.
 *****************
Жүргізуші музыкалық қатарды бұзуға қақы жоқ.
Ол үшін музыкалық редактор бар. 


Категориясы: Радиомектеп | Көрілген: 4715 | Қосқан: kaldybek | Тегтер: Радиожүргізушілер ережесі | Рейтингі: 5.0/3 |
Барлық түсініктемелер саны: 2
0  
2 Макпал-Юмакс   (30.10.2009 00:54) [Материал]
Жалпы радио жүргізушісі (DJ) болғысы келетіндерге улкен көмек.
Орысша сайттан оқығаным есіме түсіп отыр. (Как стать диджеем на радио?).

0  
1 Гүлшат Хамитқызы   (04.09.2009 13:11) [Материал]
Қалдыбек үлкен рахмет! Біраз мағлұмат алғанымды жасырмаймын!

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Тіркелу | Кіру ]
Радио
Афоризмдер

"Тормоздың тормозы": әліппені сөздікпен оқиды.
Әйелдермен үнемі солай: тиіссең - оңбағансың, тиіспесең - ақымақсың.
Шығатын жол жоқ жағдай болмайды. Тек сол шығатын жер көңіліңізден шықпайтын жағдайлар болады.
Баннер
Баннер
Мұрағат
Сауалнама
Қандай радио тыңдайсыз?
Барлық жауап: 285
Кішігірім чат
Сайттың достары
  • Европа плюс Казахстан
  • Ең үздiк қазақша сайт
  • Барлығы веб-мастерлер үшін
  • Барлығына арналған бағдарламалар
  • Ойын-сауық отауы
  • Рунеттің үздік сайттары
  • Аспаздың құралы
  • Статистика
    Аудармашы
    Переводчик.
    Казахский-Русский

    Статистика
    Copyright MyCorp © 2024
    Сайт управляется системой uCoz