Сейсенбі, 07.05.2024
Қазақстанның радиожүргізушілері
Сайт мәзірі
Бөлiмнiң категориялары
Менің мақалаларым [5]
Ой қазына [4]
Iздеп тап
Тегтер
Бүгінгі мерекелер
Информер праздники сегодня
Фотолар
Жарнама
Ауа-райы
Погода в городе Алматы
Негізгі бет » Мақалалар » Менің мақалаларым

Қызықты афоризмдер 2))

Егер сен ақымақпен салғыласып тұрсаң, ол да соны жасап тұрған шығар...

****************************

Еркек жаны жабырқағанда - әйел іздейді. Ал жайланып жүргенде – тағы бір әйел іздей бастайды.

****************************

Өмірде өз орнымды таптым – ал ол...бос емес...

****************************

Әйелдердің Адамның жанында өмір сүріп жүргеніне миллиондаған жыл өтсе де, олардың жүріс-тұрысы мен мінез-құлқында түсініксіз нәрселер әлі де көп-ақ...

****************************

Әкелері балаларына «шанадан түсіп қалдың» немесе «ақ дегенде анаңның аузынан түстің» деп алдайтын себебі, олар оның анасымен не істегені жөнінде айтуға ұялады...

****************************

Ол одан көзін ала алмады... Сосын құлағын алуға тура келді...

****************************

Мен жамандықты есте сақтамаймын...Сондықтан да жазып жүруге тура келеді..

****************************

Сені жеп қойған болса да, одан шығатын екі жол бар...

****************************

Кезінде анам ескертіп еді: «Гинеколог бол - өмір бойы қолың жылы жерде жүреді», - деп...

****************************

Егер жатарда сүт ішіп, қияр жесеңіз, сіздің қымбат сантехникаңыздың бағасы ақталады.

****************************

Құдайым-ау, қанша нәрсе жасалмаған, ал қаншасын әлі жасау керек.

****************************

Склероз деген жақсы ауру екен:

Еш жерің ауырмайды және күнде – жаңалықтар.

****************************

Шындыққа ренжудің қажеті жоқ, одан да дәл солай жауап беру керек.

****************************

Тәрбиелілік – екіжүзділіктің ең тиімді түрі.

****************************

Жақсы еркектер көшеде жатпайды... Олар диванда жатады.

****************************

Қара көзілдірік арқылы көзқарасыңды жеткізу оңай.

****************************

Егер бойжеткен жігітпен сөйлесіп тұрып көзін төмен салса, жігіт оған ұнайтыны. Ал егер де жігіт көзін түсірсе, оған қыздың аяғы ұнайды деген сөз.

****************************

Нағыз әйел дегеніміз - бірге жатқың келетін емес, онымен бірге таңертең оянғың келетін әйел.

****************************

Статистикаға сүйенсек, төрт адамның біреуі – психикалық ауруға шалдыққан. Енді өзіңіздің үш досыңызды есіңізге түсіріңіз..,егер олар сау болса, ауру сіз болғансыз...

****************************

Адамға сене білу керек, тіпті шындығын айтып тұрса да.

****************************

Өзін-өзі жақсы көретін адам – тура сіз секілді, ол да өзі туралы өте жақсы пікірде.

****************************

Тәжірибе дегеніміз – адамға ескі қателіктердің орнына жаңасын жасататын нәрсе.

****************************

Банк дегеніміз – егер ақша сізге керек емесін дәлелдеп берсеңіз, қарызға ақша беретін жер.

****************************

Қойдың кәуапқа өз көзқарасы бар.

****************************

Әйелдердің ұраны: Ер адамдар – линолеум! Егер оларды бастан жақсылап төсеп алсаң – 20 жыл бойы үстінде жүруге болады.

****************************

Айнадан өзімді көрдім де – айнаның жаман екенін түсіндім...

****************************

Ер адамға әйелдің бір сәттік әлсіздігін пайдалану үшін, қанша күш-қуат пен уақыт жұмасу керек десеңізші...

****************************

Қызық: кейде етікті шешпей ұйықтап тұрсаң – басың қатты ауырады.

****************************

Компьютерлер өте жылдам және нақты қателіктер жасайды.

****************************

Бойжеткеннің кемшіліктерін білгің келсе, оны құрбыларының алдында мақта.

****************************

Әйелдермен үнемі солай: тиіссең – оңбағансың, тиіспесең – ақымақсың.

****************************

Кедейліктің себебі - адалдық болып табылады.

****************************

Тегін сыр тек екінші тышқанға бұйырады...

****************************

Өміршеңдіктің заңы - әжетханаға түсіп кеттің бе, боқ секілді кейіп таныт.

****************************

Жұмыста ұйықтау – күнә, сіздерге тегін Интернет не үшін берілді?

****************************

- Жұмысқа барсам ба екен? – деп ойландым да барған жоқпын.

****************************

Бәріміз де қателесеміз. Біреулері көбірек, екіншілері - әрдайым.

****************************

«Үш шошқа» деп аталатын коктейльдің тегін рецепті: бір жәшік арақ пен екі дос.

****************************

Ауа-райы болжамы өтірік емес... тек күні сәйкес келмей қала береді.

****************************

Сүйіктім, сен секілділер жоқ, болған жоқ және...КЕРЕГІ ЖОҚ!

****************************

Сау адамның ойындағы, мас адамның ішінде.

****************************

Өзгеге орды өзің қазба.

****************************

Сіздің үндемеуге қақыңыз бар. Айтқан сөзіңіздің барлығы өзгертіліп, сізге қарсы қолданылатын болады. (полиция қызметкерлерінің жаттанды сөздерінен)

****************************

Менің арым таза – мен оны қолданбаймын.

****************************

Үш нәрсеге шаршамай қарап тұра беруге болады: жанған отқа, ағын суға және сіз үшін жасап жатқан жұмысқа.

****************************

Чупа-чупс – біз әлемді соруға үйреттік.

****************************

Әрбір пипетка клизма болуды армандайды.

****************************

Жеті рет есікке, бір рет рельске.

****************************

Ырым: қараша келді дегенше, желтоқсанды күте бер.

****************************

''Happy End'' – ерлерге арналған соз ауруларының жаңа емханасы.

****************************


АУДАРҒАН: ҚАЛДЫБЕК ЖАЙСАҢБАЙ.

Категориясы: Менің мақалаларым | Добавил: kaldybek (23.09.2009)
Просмотров: 4580 | Түсініктемелер: 1 | Тегтер: Афоризмдер 2 | Рейтинг: 5.0/2 |
Всего комментариев: 1
0  
1 Nurjan   (23.09.2009 13:43) [Материал]
))) мен кезинде озим айткан ауа-райын есиме тусирип отырмын!меники де сайкес келмейтин))))

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Тіркелу | Кіру ]
Радио
Афоризмдер

Сау адамның ойындағы, мас адамның ішінде.
Тегін сыр тек екінші тышқанға бұйырады...
''Happy End'' - ерлерге арналған соз ауруларының жаңа емханасы.
Баннер
Баннер
Сауалнама
Қандай радио тыңдайсыз?
Барлық жауап: 285
Кішігірім чат
Сайттың достары
  • Европа плюс Казахстан
  • Ең үздiк қазақша сайт
  • Барлығы веб-мастерлер үшін
  • Барлығына арналған бағдарламалар
  • Ойын-сауық отауы
  • Рунеттің үздік сайттары
  • Аспаздың құралы
  • Статистика
    Аудармашы
    Переводчик.
    Казахский-Русский

    Статистика
    Copyright MyCorp © 2024
    Сайт управляется системой uCoz