Сәрсенбі, 24.04.2024
Қазақстанның радиожүргізушілері
Сайт мәзірі
Бөлiмнiң категориялары
Достық туралы [1]
Махаббат туралы [1]
Тарих туралы [1]
Тәрбие туралы [1]
Салт-дәстүр туралы [0]
Ана тілі туралы [0]
Өнер-білім туралы [0]
Шетел даналық сөздері [0]
Басқа да тақырыптар [0]
Iздеп тап
Тегтер
Бүгінгі мерекелер
Информер праздники сегодня
Фотолар
Жарнама
Ауа-райы
Погода в городе Алматы
Негізгі бет » Мақалалар » Ой қазына » Тарих туралы

БАБАЛАРДАН ҚАЛҒАН НАҚЫЛ СӨЗДЕР
Білекке сенген заманда, ешкімге есе бермедік,
Білімге сенер заманда, қапы қалып жүрмедік.

                                                                                Абылайхан
Өткенге топырақ шашсаң, болашақ саған тас атады.

                                                                          Расул Ғамзатов

Бірліктен айырылған ел қаңғып қалады.

                                                                    Әлихан Бөкейханов
"Алаш" туының астында
Куә болсын арымыз!
Көркейтуге Алашты
Құрбандық - біздің жанымыз!
Жасасын, Алаш, жасасын!

                                                                          Сұлтанмахмұт

Ата жұрты бұқара
Өз қолында болмаса,
қанша жақсы болса да,
Қайратты туған ер ғаріп.

                                                                                Асанқайғы
Дүниеде, тарихта ер елден артық ел бар ма?! Ер жолымен өткен елдердің тарихынан сұлу тарих бар ма?! Елін «ел екен» дегізіп өткен ұлдарға өлім бар ма, сірәда?! Елдің белін көтеретін ер ұл туған аталық пен аналық қандай бақытты! Ер серігі болған жар жарастық қандай сұлу! Қорлық өмірге көнгенше, қадырлы өлім таңдармын дейтін жас жалын қандай биік мағыналы!

                                                                                 М.Әуезов
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған,
Бұл далаға жылап келіп уанғам,
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!

                                                                           Қ.Аманжолов
Айнабұлақ! Мыңбұлақ! Өмірге тұңғыш келгенімде дүниеде теңдесі жоқ нәрлі суымен мені шомылдырған, мені жуындырған бұлақ. Мен алғаш суын ішкен, мені әлдилеп сүйген, маған сенген, туған жерім Мыңбұлақ...
Біз де сүйек, еттен жаралған жанбыз. Біздің жанымызды тебіренте соққан жүрек болаттан құралған емес, бірақ біздің жүрек отты жүрек. Оның оты болатты ерітіп, жаңқадай жандыратын от. Біздің жүрегіміз – де қауіп – қатерді көтеріп, өлімді жеңетін бір жарақ, - ана сүтін ақтап, туған елді, Отанымызды сүю сезімі. Бізде ер атасы- махаббат, өмір тасы- халық, ел намысы- ер қолында, ер намысы- ел қолында. Біз намысты елдің ұлымыз.- Жеңілмес күшіміз сонда.

                                                                Бауыржан Момышұлы


Категориясы: Тарих туралы | Добавил: kaldybek (22.09.2009)
Просмотров: 6476 | Рейтинг: 0.0/0 |
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Тіркелу | Кіру ]
Радио
Афоризмдер

Барлық әйелдер бірдей, - тек кейбірі онысын жасырмайды.
Менің арым таза - мен оны қолданбаймын.
Ауа-райы болжамы өтірік емес... тек күні сәйкес келмей қала береді.
Баннер
Баннер
Сауалнама
Қандай радио тыңдайсыз?
Барлық жауап: 285
Кішігірім чат
Сайттың достары
  • Европа плюс Казахстан
  • Ең үздiк қазақша сайт
  • Барлығы веб-мастерлер үшін
  • Барлығына арналған бағдарламалар
  • Ойын-сауық отауы
  • Рунеттің үздік сайттары
  • Аспаздың құралы
  • Статистика
    Аудармашы
    Переводчик.
    Казахский-Русский

    Статистика
    Copyright MyCorp © 2024
    Сайт управляется системой uCoz