Сейсенбі, 01.07.2025
Қазақстанның радиожүргізушілері
Сайт мәзірі
Бөлiмнiң категориялары
Менің мақалаларым [5]
Ой қазына [4]
Iздеп тап
Тегтер
Бүгінгі мерекелер
Информер праздники сегодня
Фотолар
Жарнама
Ауа-райы
Погода в городе Алматы
Негізгі бет » Мақалалар » Менің мақалаларым

Жаңылтпаштар
Класта ақ бор бар, 

Көк бор бар, 

Көп бор бар.  

  * * * 

Тақпақ жатта, 

Жатқа жатта.  

  * * * 

Үйде неше шал отыр? 

Көсе шал отыр. 

Тақиясы шошайып 

Шоқша сақалды шақша бас шал отыр.  

  * * * 

Ізшілер іздесті, 

Түз кезді, із кесті.  

  * * * 

Ошақта от жоқ, 

Шоқ тап, от жақ.  

  * * * 

Даланы қар жабар, 

Қарға балалар аққала қалар.  

  * * * 

Дөң жатыр, 

Дөнде тон-тоң көн, жатыр  

  * * * 

Таяқ жон, 

Жонсаң жөн жон.  

  * * * 

Қанат қанағаттанарлық баға алды, 

Қанағат канағаттанарлықсыз баға алды.  

  * * * 

Бірқатар қада қада, 

Қадаларды қатар-қатар қада.  

  * * * 

Екеуінін жасы шамалас, 

Бірінің шашы - қарашаш,  

Бірінің шашы - ақ шаш аралас.  

  * * * 

Талғат балға тап, 

Оншақты жаңғақ шақ, 

Шақсаң, сақ шақ.  

  * * *  

Түрің түрленіп, кідірмей оқы, 

Тілің күрмеліп, мүдірмей оқы.  

  * * * 

Бұл, бұл - піл, 

Бұл бір ірі піл.  

  * * * 

Қыста құлағым үсіп кетті, 

Үсіп, ісіп кетті.  

  * * * 

Шешей отты көсеумен көседі 

Көсеумен кесек-кесек тезек төседі.  

  * * * 

Пышағы кесті, жайышты,  

Шанышқысы шанышты.  

  * * * 

Доп теп,  

Тек, 

Дөптен кеп теп.  

  * * * 

Киген тоны - 

Онды тон, 

Өнді тон.  

  * * * 

Қызым жүзім же, 

Жүзім үзіп же.  

  * * * 

Тұз - мұздай, 

Мұз - тұздай.  

  * * * 

Бұл бір жылтыр шылбыр екен, 

Кіл қылдан ескен қылшылбыр екен.  

  * * * 

Тері шалбар бар, 

Тері шалбар киетін шалдар бар  

  * * *  

Үйген жүгерілері, 

Түгел ірі жүгері.  

  * * * 

Тайғанақта қай тай тайды, 

Тағалатпаған тай тайды.  

  * * * 

Омартаға балалар барар, 

Балаларды аралар талар. 

  * * * 

Бар, май шайқа, 

Байқа, жай шайқа. 

  * * * 

Құрақ құрап көрпе көктеді, 

Қырық құрақ көрпе көктеді. 

  * * * 

Көктемде шөп өнер жер 

Мал келер, мал ерер жер. 

  * * * 

Шаншар шаршап жатыр, 

Қайсар жайша жатыр. 

  * * * 

Ерді ел елер,  

Ер елге еркелер. 

  * * * 

Шын еңбекшіл - өрмекші, 

Өрмекші - шын өрнекші. 

  * * * 

Қанар қаптарды қаптап артар, 

Шанақ арбаны аттар тартар. 

  * * * 

Тары ақта, 

Тары ақтап, 

Қапқа қапта. 

  * * * 

Көпке бекер өкпелеме, 

Өкпе етпе, 

Тектен - текке өкпелетпе. 

  * * * 

Бір қыз кесте тікті, 

Кестесін түсте тікті, 

Кеште тікті. 

  * * * 

Қайрат қайрақ қайрап отыр, 

Дайрақпен балта қайрап отыр. 

  * * * 

Қапыда ит қапты, 

Қатты қапты, 

Қапты қатты. 

  * * * 

Тұрыс бұрышқа тұр, 

Бұрышта дұрыс ұрыспай тұр 

  * * * 

Жапалақтап қаптап ақ қар жауды, 

Алқапты аппақ ақ қар жапты.


Категориясы: Менің мақалаларым | Добавил: kaldybek (25.08.2009)
Просмотров: 13203 | Тегтер: Жаңылтпаштар | Рейтинг: 4.2/26 |
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Тіркелу | Кіру ]
Радио
Афоризмдер

Кедейліктің себебі - адалдық болып табылады.
Әкелері балаларына "шанадан түсіп қалдың" немесе "ақ дегенде анаңның аузынан түстің" деп алдайтын себебі, олар оның анасымен не істегені жөнінде айтуға ұялады...
Компьютерлер - өте жылдам және нақты қателіктер жасайды.
Баннер
Баннер
Сауалнама
Қандай радио тыңдайсыз?
Барлық жауап: 285
Кішігірім чат
Сайттың достары
  • Европа плюс Казахстан
  • Ең үздiк қазақша сайт
  • Барлығы веб-мастерлер үшін
  • Барлығына арналған бағдарламалар
  • Ойын-сауық отауы
  • Рунеттің үздік сайттары
  • Аспаздың құралы
  • Статистика
    Аудармашы
    Переводчик.
    Казахский-Русский

    Статистика
    Copyright MyCorp © 2025
    Сайт управляется системой uCoz